Швеция құрамасы Әлем чемпионы болды

Фотография - Швеция құрамасы Әлем чемпионы болды

Швеция құрамасы хоккейден Әлем чемпионатында жеңiмпаз атанды.

316 0

Швеция құрамасы хоккейден Әлем чемпионатында жеңiмпаз атанды.

Олар кеше Стокгольмде "Эрикссон Глоб Аренада" өткен ақтық сында Швейцария хоккейшiлерiн 1:5 есебiмен ойсырата ұтты.

Матчтағы алғашқы есептi швейцарлықтар ашты. Бесiншi минутта қорғаушы Роман Йози көзге түстi. Алайда төрт минуттан кейiн швед хоккейшiсi Эрик Густафссон гол соғып, есептi теңестiрдi. Тағы үш минуттан кейiн Хенрик Седин шведтердi алға шығарды.

Екiншi айналымда командалар қақпаға шайба салған жоқ. Үшiншi кезеңнiң жетiншi минутында швед Симон Яльмарссон швейцариялықтардың қақпашысынан айласын асырып, қарсыластарын қапыда қалдырып кеттi. Ойынның соңына бес минут қалғанда швед құрамасы тағы бiр голға қол жеткiзе алды. Оның авторы - Луи Эрикссон. Ал ойынның аяқталуына сәл уақыт қалғанда қақпашысыз алты хоккейшiмен ойынға шыққан швейцариялықтар тағы бiр шайбаны енгiзiп алды. Бос қақпаға Хенрик Седин шайба салды.

Осылайша биылғы чемпионатта бiрде бiр рет ұтылмай келген Швейцария ақтық сында ұтылып, екiншi орынға табан тiредi. Әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдесi Финляндияны 2:3 есебiмен жеңген АҚШ құрамасының еншiсiнде.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!