Елордалық шахматшы қыз әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды

Фотография - Елордалық шахматшы қыз әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды

Астаналық тоғыз жасар қыз Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионатында төртінші рет алтын алып отыр.

303 0

Астаналық тоғыз жасар қыз Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионатында төртінші рет алтын алып отыр.

Бұл туралы қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жылы чемпионат грекиялық Халкиди түбегінде өтті. Оған қатысқан 52 қазақстандықтың арасында тек Бибісара ғана тоғыз мүмкіндіктен 8,5 балл жинап, шахмат «тәжін» иеленді. 2011 жылдан бері жас шахматшы Польшада, Бразилияда және Румынияда өткен әлем чемпионатында үш рет үздік шықты.

Аstana.kz сайтының жазуынша, Бибісара Асаубаева 2010 жылдан бері Астана қаласында жаттығып келеді. Ол Х.С. Омаров атындағы шахмат клубының тәрбиеленушісі болып табылады. Жеке жаттықтырушысы Азамат Әубәкіров жас қыздың талантына сүйсініп, мақтаныш етеді.

«Бибісараның бұл алғышқы үздік шығуы емес, ол мұндай бас жүлдені бұдан бұрын да үш рет жеңіп алған. Жеңіске деген құштарлығы үлкен», - дейді ол.

Сондай-ақ өзінің әлем чемпионатындағы дебюттік өнер көрсетуінде Әмина Қайырбекова жеті жасқа дейінгі санатта күміс медаль алса, 15 жасар Жанат Сайын «қолаға» қол жеткізді», - делінген басқарманың баспасөз айғағында.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!