Хоккейден Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Фотография - Хоккейден Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатында Ресей, Финляндия, АҚШ және Швецария хоккейшілерімен бақ сынасатын болады.

212 0

Хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатында Ресей, Финляндия, АҚШ және Швецария хоккейшілерімен бақ сынасатын болады.

Команданың қарсыластары жайындағы мәлімет Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ұлттық құрамалар рейтингін жаңартқаннан кейін белгілі болды. Жаңартылған тізім кеше ғана Швеция мен Финляндияда аяқталған әлем чемпионатынан кейін көпшілікке ұсынылған болатын. Байрақты бәсекеде Швеция құрамасы Швейцариядан келген хоккейшілерді 5:1 есебімен ойсырата ұтып, әлем чемпиондары атағына ие болған.

Осылайша, шведтер жалпы тізімде 3105 ұпай жинап, ширек финалда АҚШ-қа жол берген Ресейді бірінші орыннан астына қарай ығыстырды. З.Билялетдинов шәкірттері Швециямен бірге финдерді (3065 ұпай) де алдына жіберіп, үздік үштікті қорытындылап тұр. Олардың еншісінде 3040 ұпай.

Осынау жаңа тізімге сәйкес, Қазақстан құрамасы B тобына еніп отыр. Ендігі әлем чемпионатында біздің хоккейшілер Ресей, Финляндия, АҚШ, Швейцария, Германия және Латвия құрамаларымен өзара мықтыны анықтамақ. Ал, A тобында Швеция, Чехия, Канада, Словакия, Норвегия, Дания, Франция, Италия командалары өнер көрсетеді.

Айта кетейік, келесі жылы хоккейден әлем біріншілігі Белорусь астанасы Минскте 9-25 мамыр аралығында өткізіледі.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!