Жағажай волейболшылар Әлем чемпионатына 3 жолдама жеңіп алды

Фотография - Жағажай волейболшылар Әлем чемпионатына 3 жолдама жеңіп алды

17-19 мамыр күндері жағажай волейболынан Үндістанның Ченнай қаласында өткен Азия чемпионатында (U-21) қазақстандықтар 20-23 маусымда Хорватияда өтетін Әлем чемпионатына 3 жолдаманы жеңіп алды.

132 0

17-19 мамыр күндері жағажай волейболынан Үндістанның Ченнай қаласында өткен Азия чемпионатында (U-21) қазақстандықтар 20-23 маусымда Хорватияда өтетін Әлем чемпионатына 3 жолдаманы жеңіп алды.

Онда  жарыс қожайындарынан басқа Жапония, Индонезия, Австралия, Оман және Түрікменстаннан  ерлер арасында - 15, әйелдер арасында - 9 жұп өнер көрсеткен болады. Дүбірлі доданың ақтық сынында индонезиялықтарға ғана есе жіберген Сергей Богату мен Владислав Пустынников (Қазақстан-1) күміс  жүлдегер атанды. Азия чемпиондарынан жартылай финалда жеңіліс тапқан Виктор Пестов пен Кирилл Гурин (Қазақстан-2) қола жүлде үшін болған кездесуде австралиялықтардың да осал тұсын таба алмай, 4-ші орынды қанағат тұтты. Іріктеу сынында Жапония құрамасының көшбасшыларына  жіберген есесін жартылай финалда да қайтара алмаған  Бақтыгүл Самалықова мен  Любовь Богату қола жүлде үшін болған ақтық сында  индонезиялықтардан басым түсті.

Енді жігіттер Әлем чемпионатының алдында, 6-9 маусымда Польшада 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында болатын әлемдік біріншілікте өнер көрсетпек.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!