Дағыстанда даярланып жатыр

Фотография - Дағыстанда даярланып жатыр

Соңғы жылдары Қазақстанның балуандары Дағыстанға жиі ат басын бұрып жүр. Оның себебі белгілі. Өйткені Ресей Федерациясының құрамындағы шағын ғана республикада спорттың бұл түрі керемет дамыған. Мықты бапкерлік мектеп қалыптасып, жеңіспен өрілген тамаша дәстүр бар.

154 0

Соңғы жылдары Қазақстанның балуандары Дағыстанға жиі ат басын бұрып жүр. Оның себебі белгілі. Өйткені Ресей Федерациясының құрамындағы шағын ғана республикада спорттың бұл түрі керемет дамыған. Мықты бапкерлік мектеп қалыптасып, жеңіспен өрілген тамаша дәстүр бар.

Таяуда еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасы Дағыстанға аттанып, Махачкала шаһарындағы Олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын бастады.


Соңғы жылдары Қазақстанның балуандары Дағыстанға жиі ат басын бұрып жүр. Оның себебі белгілі. Өйткені Ресей Федерациясының құрамындағы шағын ғана республикада спорттың бұл түрі керемет дамыған. Мықты бапкерлік мектеп қалыптасып, жеңіспен өрілген тамаша дәстүр бар. Аталмыш елдің өкілдері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында үнемі мол олжаға кенеліп жүр. Көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда жасындай жарқырауда. Олар тек Ресей ғана емес, өзге де мемлекеттердің туы астында өнер көрсетіп, керемет көрсеткіштерге қол жеткізуде. Міне, осы жайттың барлығын қаперге алған Қазақстан күрес федерациясының басшылары өз өрендерін Дағыстанға аттандыруды әдетке айналдырды. Махачкалада жерлестеріміз екі апта жаттығады. Бұл елде бізден бөлек, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Польша және Венгрия құрамалары да даярлануда. Одан кейін Руслан Өмірәлиев пен Асқар Абдрешевтің шәкірттері 25-26 мамыр аралығында өтетін Әли Әлиевті еске түсіруге арналған халықаралық турнирде бақ сынайды. 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!