Даянгте дара шыққан дарындар

Фотография - Даянгте дара шыққан дарындар

Жақында Алматыда ҚР III Жастар спорттық ойындары аясында таэквондодан (WTF) республикалық біріншілік болып өтті. Алатаудың баурайында еліміздің барлық өңірінен жиналған Мұстафа мен Бексейіттің ізбасарлары үш күн бойы 20 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

229 0

Жақында Алматыда ҚР III Жастар спорттық ойындары аясында таэквондодан (WTF) республикалық біріншілік болып өтті. Алатаудың баурайында еліміздің барлық өңірінен жиналған Мұстафа мен Бексейіттің ізбасарлары үш күн бойы 20 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жақында Алматыда ҚР III Жастар спорттық ойындары аясында таэквондодан (WTF) республикалық біріншілік болып өтті. Алатаудың баурайында еліміздің барлық өңірінен жиналған Мұстафа мен Бексейіттің ізбасарлары үш күн бойы 20 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Алматы қаласы әкімдігі және қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен турнирге ҚР таэквондо федерациясының алғашқы президенті, белгілі суретші Бексейіт Түлкиевтің қарындасы Әлима апай арнайы келіп тамашалады. 

Аталмыш турнирдің жоғары деңгейде өткізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, жас спортшылардың өнеріне тәнті болды. Өз кезегінде Тойжан Қыдырбекова, Фариза Алданғарова және Амантұр Табылдиев сынды таланттардың даянгтағы өнерлеріне риза болғандығын айтып ағынан жарылды.

Енді үш күнгі жекпе-жектер қорытындысына тоқталар болсақ, ұлдар арасында ең жеңіл салмақта алматылық Ким Артур жеңімпаз атанды. Ол бұған дейін Өскеменде өткен Қазақстан біріншілігінде (45 келі салмақта) топ жарған болатын.

Ал 48 келі салмақта атыраулық Сағыдат Жолдасбековтің бағы жанды. Ақтөбелік Азамат Усейн 51 келіде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, 55 келіде қызылордалық Ербол Бейсембай алтынмен апталды.

Алматылық Ерлан Диясов 59 келіде өзінің епті екендігін дәлелдесе, атыраулық Амантұр Табылдиев 63 келіде үздік шығып, көрермендер көзайымына айналды. 68 келі салмақ дәрежесінде ақтөбелік Әлихан Саймағанбетов дара шықты.

Қызылордалық Николай Иванов 73 келіде жеңімпаз атанды. Ол ақтық сында ел чемпионы Еркебұлан Әбілқастан басым түсті. Жамбыл облысына жалғыз алтынды сыйға тартқан Руслан Жапаров 78 келіде жеңіске жетті. Аса ауыр салмақта шымкенттік Смайыл Дүйсебай дараланды.

Қыздар арасында оңтүстікқазақстандық Нұрила Убайдуллаева (42 келі), алматылықтар Тойжан Қыдырбекова (44 келі) және Мәдина Сейіткәрім (46 келі), қызылордалықтар Айнұр Есбергенова (49 келі) және Жазира Сапарбек (52 келі), алматылық Фариза Алданғарова (55 келі), оңтүстікқазақстандық Ғания Әлзақ (59 келі), ақтөбелік Ақнұр Қожина (63 келі), Алматы облысының аруы Айзере Іргебай (68 келі), атыраулық Жұлдыз Бүркітовалар (ең ауыр салмақта) бақтары мен баптары қатар шауып, бірінші орынға ие болды.

Осы турнирде үздік өнер көрсеткен Д.Ерланов, А.Табылдиев, Ә.Саймағанбетов, С.Дүйсебай, Т.Қыдырбекова және А.Іргебай сынды жас таэквондошыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Үш күнге созылған тартысты жекпе-жектер қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы қаласының спортшылары иеленді. Қызылорда облысы екінші орынға қол жеткізіп, Атырау облысы үшінші орынды еншіледі.

Амантұр Табылдиев 63 келі салмақта жеңімпаз атанған осы турнирдің үздік таэквондошыларының бірі:

– Бәсі жоғары бұл додаға жан-жақты дайындықпен келдім. Оқу-жаттығу жиындары Алматы облысының Қарасай ауданында өтті. Бұл турнирде топ жарып, өз шеберлігімді тағы да дәләлдеуім қажет болды. Себебі биылғы Қазақстан біріншілігінде жеңімпаз атанған болатынмын. Алдымызда жастар арасындағы Азия чемпионаты тұр. Осы құрлық біріншілігінде Алаштың көк байрағын желбіретіп, Әнұранымызды шырқатсам деген үлкен мақсатым бар.

Біз Амантұрдың және басқа да қыз-жігіттеріміздің Азия чемпионатынан жеңіспен оралуларына тілектеспіз және олардан жеңіс күтеміз.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!