Шмитдтгальдің жаңа командасы төменгі топқа түсіп қалды

Фотография - Шмитдтгальдің жаңа командасы төменгі топқа түсіп қалды

Бундеслигада өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Генрих Шмитдтгаль жақында команда ауыстырды. Өкінішке қарай, оның жаңа клубы да Германия Бундеслигасында ойнамайтын болды…

234 0


Бундеслигада өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Генрих Шмитдтгаль жақында команда ауыстырды. Өкінішке қарай, оның жаңа клубы да Германия Бундеслигасында ойнамайтын болды…

Соңғы екі маусымды Германияның «Грой­тер Фюрт» сапында өткізіп, Фюрт қала­сының командасын Бундеслигаға жолдама алуына көмектескен және сол командамен жо­ғарғы дивизионда ойнаған Генрих Шмит­д­галь осы ұжымда барлығы 48 ойын өткізіп, 4 гол соғыпты. 

Алайда «Гройтер Фюрт» Бун­деслигада тұрақтай алмай, биылғы маусым­ның қорытындысы бойынша қайтадан тө­мен­гі топқа түсіп қалды. Ал Генаның өзі ал­да­ғы маусымда басқа командаға ауысаты­нын мәлімдеген.

Сөйтіп, жақында Дюссель­дорф­тың «Фортуна» клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған. Келісімшартқа қол қоймай тұрған кезінде «Фортуна» Бундесли­гада 18 команданың ішінде 15-орында келе жатқан.

Аутсайдерлермен ұпай айырмашы­лы­ғы да біраз алшақ болатын. Бірақ соңғы ойындарын өте сәтсіз өткізген команда «Грой­тер Фюрттің» қатарына қосылып, олар да төменгі топқа түсіп қалды.

Енді Шмитд­тгальге жаңа командасын қайта өрге сүйреп, Бундеслигаға екінші жорығын бастауына тура келеді.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!