Жафаровқа еліктейтін жастар көп

Фотография - Жафаровқа еліктейтін жастар көп

Галиб Жафаров шаршы алаңда атой салған 57 келі салмақта финалда алматылық Дәурен Бабалық пен Оңтүстік Қазақстан боксының түлегі Шындос Кенжебеков қолғап түйістірді. Шалт қимылы, шалымды әдіс-тәсілі жанкүйерлерді тәнті еткен Шындос қарсыласынан шеберлігін асырып, арнаулы жүлдеге ие болды.

145 0

Галиб Жафаров шаршы алаңда атой салған 57 келі салмақта финалда алматылық Дәурен Бабалық пен Оңтүстік Қазақстан боксының түлегі Шындос Кенжебеков қолғап түйістірді. Шалт қимылы, шалымды әдіс-тәсілі жанкүйерлерді тәнті еткен Шындос қарсыласынан шеберлігін асырып, арнаулы жүлдеге ие болды.

Ақтөбеде 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан 2003 жылғы әлем чемпионы, 2004 жылғы Азия чемпионы, Афины және Пекин олимпиадаларына қатысушы Галиб Жафаровтың жүлдесіне арналған ІV халықаралық турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Әзербайжан мен Өзбекстаннан 106 жас боксшы қатысты.


Турнирге Галиб Жафаровтың өзі, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, кәсіпқой бокстан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың, атағы алты құрлыққа белгілі боксшы Нұржан Кәрімжановтың арнайы келіп, қатысуы спорттық бәсекенің бәсін арттыра түсті. Саңлақ спортшы ағаларының алдында жерге қарап қалмас үшін жас былғары қолғап шеберлері рингте жасындай жарқылдады, барынша жақсы қырларынан көрініп қалуға тырысты. Он төрт салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген жасөспірімдер арасында сегіз қазақстандық, бес әзербайжандық және бір өзбекстандық боксшы чемпион атанды. Галиб Жафаров шаршы алаңда атой салған 57 келі салмақта финалда алматылық Дәурен Бабалық пен Оңтүстік Қазақстан боксының түлегі Шындос Кенжебеков қолғап түйістірді. Шалт қимылы, шалымды әдіс-тәсілі жанкүйерлерді тәнті еткен Шындос қарсыласынан шеберлігін асырып, арнаулы жүлдеге ие болды. Жарыс барысында Жафаровқа еліктейтін жас боксшылардың жаңа толқыны өсіп келе жатқаны айқын аңғарылды.


– Әзербайжан елінен турнирге 13 боксшы келді. Галиб – қазақтың ғана емес, әзербайжан халқының да мақтанышы. Бұл турнирге біз жыл сайын қатысамыз. Ондағы мақсатымыз – әлемдік рейтингте биіктен көрініп жүрген қазақ бокс­шыларымен өзара тәжірибе алмасу. Қазақстандық жас боксшылар да Әзербайжанда өтетін Гейдар Әлиев, Аббас Агаларов атындағы және «Жібек жолы» турнирлеріне жыл сайын келеді. Екі ел боксшылары арасында әріптестік тығыз байланыс бар, – дейді Әзербайжан құрамасының жаттықтырушысы Тавакюль Мамедов.

– Турнирді жас боксшылардың шыңдалу мектебі деуге әбден болады. Бұл жарыс балалардың боксқа деген қызығушылығын тудырып қоймайды, оның нәтижесі таяу жылдарда көрінетін болады. Турнир жас боксшылардың жаңа толқынының өсіп шығуына ықпал етеді деп ойлаймын. Бұл жолғы турнирдің ұйымдастырылуына қатысушылар дән риза болды. Алдағы міндет турнирге қатысушылардың ауқымын кеңейте түсу болмақ, – дейді бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спорт ісінің нұсқаушысы Марат Әкімов.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!