Жігіттер Қытайда додаға түседі

Фотография - Жігіттер Қытайда додаға түседі

Қазақстан құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы мен биыл­ғы Азия чемпионатына дейін осы турнирде дайындықтарын пысықтап, ойын­дарын жетілдіре түспек.

217 0

Қазақстан құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы мен биыл­ғы Азия чемпионатына дейін осы турнирде дайындықтарын пысықтап, ойын­дарын жетілдіре түспек.

Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайда халықаралық турнирге қатысуда.


Қазақстан волейболшылары түріктің Антальясында 12 күндік оқу-жаттығу жиы­нын өткізіп, Ұлы Жібек еліне барды. Онда ұлттық құрамамыз Challenge Cup деп аталатын дәстүрлі турнирдің көрігін қыздыруда. Бұл турнирге төрт ел қатысуы керек-ті. Бірақ Австралия құрамасы Гуанч­жоудағы ауа райынан секем алып, келмей қалыпты. Қытай, Үндістан және Қазақстан үштігіне ұйымдастырушылар өз елдерінің екінші құрамасын қосқан көрінеді.

Қазақстан құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы мен биыл­ғы Азия чемпионатына дейін осы турнирде дайындықтарын пысықтап, ойын­дарын жетілдіре түспек.

Әзірше құрама сапында мына волей­болшылар өнер көрсетуде:

Нариман Сүлейменов (1982), Дамир Әубәкіров (1990) (екеуі де – «Павлодар»), Жақсылық Тілеулин (1985, «ТНК Қазхром» Хромтау), Әсет Базарқұлов (1987), Антон Юдин (1982), Виталий Мироненко (1985), Юрий Стулов (1980), Дмитрий Горбатков (1981), Максим Мамедов (1987), Александр Стольников (1988), Надирхан Кадирханов (1991), Виталий Эрдштейн (1992), Олег Веригин (1992), Сергей Кузнецов (1993) (бәрі де – «Алматы»),  Виталий Вориводин (1990, «Конденсат» Орал), Максим Мищенко (1990, «Есіл» Петропавл).

Бас бапкер – Геннадий Паршин, аға жаттықтырушы – Рафаиль Гилязутдинов.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!