Қытайда «Challenge Cup» халықаралық турнирінің екінші кезеңі өтіп жатыр

Фотография - Қытайда «Challenge Cup» халықаралық турнирінің екінші кезеңі өтіп жатыр

Волейболдан Қытайдың Лоян қаласында  «Challenge Cup» халықаралық турнирінің екінші кезеңін қазақстандықтар тағы да сәтсіз бастады.

188 0

Волейболдан Қытайдың Лоян қаласында  «Challenge Cup» халықаралық турнирінің екінші кезеңін қазақстандықтар тағы да сәтсіз бастады.

Геннадий Паршин баптайтын ұлттық құрама жарыс қожайындарына  1:3 есебімен есе жіберді.  Олар  Лохе қаласында өткен алғашқы кезеңде де 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Бүгін  қытайлықтардың «Henan Tianguan» командасымен күш сынасуда. 23 мамырда қазақстандықтар олардан 2:3 есебімен жеңілген болатын.

Ертең - турнирдің ақтық ойындары. Қытайлықтар өзара сайысса, қазақстандықтар Үндістан құрамасымен  шеберлік байқасады. Бұған дейін 22 мамырда өткен ойында Г.Паршиннің шәкірттері қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түскен еді.

[video width="680" height="450" flv="http://today.kz/wp-content/uploads/2013/05/405925.flv"][/video]


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!