Тамызда Грузиямен жолдастық кездесу өткіземіз

Фотография - Тамызда Грузиямен жолдастық кездесу өткіземіз

Үстіміздегі жылдың 14 тамызында елордамыздың "Астана-Арена" стадионында Қазақстан мен Грузия ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. Мұндай келісімге екі елдің футбол басшылары қол қойды

136 0

Үстіміздегі жылдың 14 тамызында елордамыздың "Астана-Арена" стадионында Қазақстан мен Грузия ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. Мұндай келісімге екі елдің футбол басшылары қол қойды.


Грузия ұлттық құрамасы УЕФА рейтингінде 40-шы, ал ФИФА рейтингінде 96-орынға орналасқан. Атақты ойыншыларынан Германияның "Гертасында" өнер көрсететін Леван Кобиашвили мен Бундеслиганың "Бохумында" ойнайтын Александр Иашвилиді атап өтуге болады. "Әлем біріншілігі - 2014" додасының іріктеу турнирінде Ресейдің "Крылья Советов" клубында өнер көрсететін Александр Амисуашвили мен украиналық "Днепрден" доп тебетін Джаба Канкава атой салып жүр.

Бас бапкері Темури Кецбая да өте танымал маман. Бұған дейін Кипрдің "Анортосис" клубымен біраз белестерді бағындырған. Футболшы кезінде Англияның "Ньюкасл" клубы мен гректердің "АЕК" командасын өрге сүйреген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!