2013 жылғы Қазақстан бокс федерациясы кубогына қатысатын командалар арасында жеребе тартылды

Фотография - 2013 жылғы Қазақстан бокс федерациясы кубогына қатысатын командалар арасында жеребе тартылды

Бүгін Астанада 2013 жылғы Қазақстан бокс федерациясы кубогына қатысатын командалар арасында жеребе тарту рәсімі болды

190 0

Бүгін Астанада 2013 жылғы Қазақстан бокс федерациясы кубогына қатысатын командалар арасында жеребе тарту рәсімі болды.

Оған ҚР бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Абдрахманов, ХХХ Жазғы олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және басқа да бокс саласының мамандары қатысты.

Жеребе нәтижесі бойынша, чемпионатқа еліміздің облыстары 4 дивизион бойынша қатысады. Батыс дивизионында Маңғыстау мен Атырау облыстары, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстары күш сынасады. Жарыстар Ақтөбе қаласында өтеді. Ал Солтүстік дивизионында Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстары, Ақмола мен Қостанай облыстары қолғап түйістіреді. Кездесулер Қостанай қаласында өтеді.

Оңтүстік дивизионында Алматы қаласы мен Жамбыл облысы, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстары бақ сынайды. Бұл кездесулер жеребе бойынша Шымкент қаласында өтетін болды. Ал Шығыс дивизионында Шығыс Қазақстан мен Алматы облысы және Павлодар облысы мен Астана қаласы командалары Астанада сайысады.

Жартылай финалда осы дивизиондардан үздік шыққан командалар өзара күш сынасады.

«Қазақстан бокс федерациясының осы маусымы жаңа судьялық және техникалық ережелер бойынша, қорғаныс шлемдерінсіз өтеді. Сондай-ақ турнирдің регламентіне де өзгерістер енгізілді. Біріншіден, турнирдің кезеңдерінің саны 3-ке дейін азайды. Екіншіден, ширек финал шеңбер бойынша өтеді, яғни барлық командалар 18-28 шілде аралығында үш-үштен кездесу өткізеді. Дивизион жеңімпазы жинаған ұпай саны бойынша анықталады», - деп атап өтті Б. Абдрахманов.

Жартылай финалдық бәсекелер Астана қаласында 14 желтоқсанда, ал финал 15 желтоқсанда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!