Бокстан тұңғыш рет әйелдер арасында халықаралық турнир өтеді

Фотография - Бокстан тұңғыш рет әйелдер арасында халықаралық турнир өтеді

29 мамыр мен 2 маусым күндері аралығында Шортандыда қазақстандық бокстың тарихында тұңғыш рет әйелдер арасында халықаралық турнир өтеді

165 0

29 мамыр мен 2 маусым күндері аралығында Шортандыда қазақстандық бокстың тарихында тұңғыш рет әйелдер арасында халықаралық турнир өтеді.

Бүгін «Казахстанская правда» газеті ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағанындай, шаршы алаңда Қазақстан, Әзербайжан, Украина және Ресей елдерінің ұлттық құрамалары қолғап түйістірмек.

Тапкерлер біздің команданың алғашқы құрамына халықаралық деңгейдегі 6 спорт шеберін, үш шеберді және спортта еңбегі сіңген шебер, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Мария Вольнованы енгізіп отыр.

ҚР бірінші құрамының тізімі: Назым Қызайбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша), Жайна Шекербекова (51 келі), Сәния Сұлтанқызы (54 келі), Оксана Королева (57 келі), Фирюза Шәріпова (60 келі), Саида Қасенова (64 келі), Дәриға Шәкімова (69 келі), Марина Вольнова (75 келі), Жұлдыз Маматқұлова (81 келі), Ляззат Күнгенбаева (81 келіден жоғары).

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!