Белді ойыншылар қалды

Фотография - Белді ойыншылар қалды

Ресейдің ВТБ лигасында күш сынасып жүрген «Астана» клубы өткен маусымда плей-офф додасына жолдама алып, алғашқы кездесуде-ақ жеңіліс тапқан болатын

266 0

Ресейдің ВТБ лигасында күш сынасып жүрген «Астана» клубы өткен маусымда плей-офф додасына жолдама алып, алғашқы кездесуде-ақ жеңіліс тапқан болатын.


Биыл олар өз көрсеткіштерін едәуір жақсартуды көздеп отыр. Сол себепті бас бапкер Маттео Боничиолли өз қызметінде қалып, қазіргі кезде алдағы маусымның жоспарын жасауда. Осы орайда команда сапында біраз ауыс-түйіс болғанын айта кетуге тиіспіз. Атап айтсақ, Раул Маршалл, Андреас Глиниадакис және Неманья Ярамаз сынды легионерлер өзге клубтарға ауысуды жөн көрген екен. Максим Воейков пен Всеволод Фадейкин сынды жерлестеріміз де басқа жақта бақ сынап көруге бел буды. Есесіне өрелі өнерлерімен жергілікті жанкүйерлердің көзайымына айналған Дэвид Саймон, Брион Росси және Джерри Джонсон келесі маусымда да алаңға «Астананың» жейдесін киіп шығады. Рустам Яргалиев, Антон Понамарев, Рустам Мырзағалиев бастаған бір топ белді қазақстандық баскетболшылар да ешқайда ауысқан жоқ. Алдағы уақытта аталмыш клубтың құрамы тағы бірқатар легионерлермен толығады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!