Қазақстанның танымал спортшысы олимпиада медалін сатуға ниетті

Фотография - Қазақстанның танымал спортшысы олимпиада медалін сатуға ниетті

Бұған себеп – материалдық жағдайының қиындығы болып отыр.

215 0

Коньки жарысынан 1998 жылы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық спортшы Людмила Прокашева жеңіп алған медалін сатуға ниетті. Бұған себеп – материалдық жағдайының қиындығы болып отыр.

Қаншаға сататынын, бастапқы бағасының қанша болатынын спортшы нақыталамады. «Сатамын деп шештім. Достарым райымнан қайтарудың амалын жасауда. Ал маған ата-анама үй салып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Есептеп қарасам, барлығына 10 млн теңге керек»,-деді Людмила.

«Металл бөлшегін қимай тұрғаным жоқ. Тек бастан кешкен қиындықтарымның, ерен еңбегімнің жемісі ретінде қабылдап келген «алқамды» қимай тұрмын. Жиі қорапшадан шығарып, өткенімді еске аламын. Алайда, мен өткен күнмен өмір сүргім келмейді, әрбір атқан таңымды бағалауға тырысамын»,-деп бөлісті Прокашева.

Спортшының бұл ұсынысына әзірге ешкім үн қосқан жоқ.

Бүгінде Людмила Прокашева Павлодар қаласында тұрады. Ол 1995 жылы өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алса, 1996 жылы қола жүлдені мойнына тақты. Сондай-ақ, 1996 ж. қысқы Азияда ойындарында екі алтын медальді иеленді. 44 жасар спортшы Қазақстан ІІМ подполковнигі болып табылады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!