Боровский Белоруссияға қарсы дайындалар футболшыларды анықтады

Фотография - Боровский Белоруссияға қарсы дайындалар футболшыларды анықтады

Үстіміздегі жылдың 11 маусымында Қазақстан жастар құрамасы (U-21) "Еуро - 2015" іріктеу додасындағы ойындарын бастайды

199 0

Үстіміздегі жылдың 11 маусымында Қазақстан жастар құрамасы (U-21) "Еуро - 2015" іріктеу додасындағы ойындарын бастайды.


Жерлестеріміз 11 маусымда Астана уақытымен сағат 21:00-де Борисов қаласының стадионында Белоруссия құрамасына қарсы алаңға шығады. Жалпы бұл топта Қазақстан мен Белоруссиядан бөлек, Армения, Исландия және Франция құрамалары өнер көрсетеді.

            Дегенмен оған дейін Қазақстан жастар құрамасы маусымның 1-і мен 4-і аралығында Эстонияда, 5-і мен 8-і аралығында Латвияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 9 маусымда Белоруссияға аттанып, дайындықты Борисовта жалғастырады. 4 маусымда Астана уақытымен сағат 22:00-де Талиннің ТНТК стадионында Эстония жастар құрамасымен жолдастық кездесу жоспарланған.

    Жастар командасының аға бапкері Сергей Боровский оқу-жаттығу жиынына 18 футболшыны шақырыпты.

Қазақстан жастар құрамасы:

Қақпашылар: Сергей Ткачук («Шахтер» Қарағанды), Стас Покатилов («Ақжайық» Орал)

Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы» Шымкент), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Кирилл Пасичник («Астана»), Игорь Пикалкин («Астана»), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған)

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бауыржан Исламхан («Кубань», Ресей), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Илья Калинин («Қайрат» Алматы), Әлібек Аяғанов («Ертіс» Павлодар), Александр Ульшин («Ақтөбе»), Бауыржан Байтана («Тобыл» Қостанай)

Шабуылшылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды), Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Павлодар)7

Сондай-ақ, аталған футболшылардың бірі қандай да бір себептерге байланысты құрамадан тыс қалар болса, олардың орнын резервтегі футболшылардың бірі баса алады.

Резерв

Кирилл Короткевич («Іле – Сәулет», Өтеген-Батыр), Ярослав Бондаренко («Ордабасы» Шымкент), Сергей Григорьев («Жетісу» Талдықорған), Мақсат Әмірханов («Тараз»), Сергей Кейлер («Қайрат» Алматы), Айбар Нұрыбеков («Атырау»).

Бапкерлер алқасы:

Сергей Боровский – аға жаттықтырушы, Қайрат Айманов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Андрей Ферапонтов – жаттықтырушының көмекшісі, Игорь Кулиш – қақпашылар бапкері, Юрий Свидрицкий – дәрігер, Александр Белов – массажшы, Максим Шауберт – әкімші, Сергей Андрейко – менеджер.

Қазақстан жастар құрамасының "Еуро - 2015" іріктеу додасындағы күнкестесі:

11 маусым 2013 ж.

Беларусь — Қазақстан

11 тамыз 2013 ж.

Қазақстан — Армения

5 қыркүйек 2013 ж.

Франция — Қазақстан

10 қыркүйек 2013 ж.

Исландия — Қазақстан

10 қазан 2013 ж.

Қазақстан — Беларусь

14 қазан 2013 ж.

Армения — Қазақстан

5 наурыз 2014 ж.

Қазақстан — Исландия

2 қыркүйек 2014 ж.

Қазақстан — Франция

Жеребе тарту рәсімінің негізінде командалар 10 топқа бөлінген. Сегізіне бес, қалған екеуіне алты құрамадан түсті. Әр топтың үздік ұжымы және екінші орын алғандардың ішінде көрсеткіштері жоғары төрт команда електік кезеңге жолдама алады. Ал електік кезеңнен де сүрінбей өткен жеті команда 2015 жылы Чехияда өтетін Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне қатысады. Чехия жастар құрамасы алаң иелері ретінде "Кәртамыс құрлығының" финалдық додасына ешқандай іріктеусіз өтті.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!