Гарет Бэйл "Тоттенхэм" басшылығына хат жазбақ

Фотография - Гарет Бэйл "Тоттенхэм" басшылығына хат жазбақ

«Тоттенхэм» клубының валиялық жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл аталған лондондық клубтың басшылығына өз атынан трансферге қоюларын өтініп, жақын күндері хат жазбақшы

177 0

«Тоттенхэм» клубының валиялық жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл аталған лондондық клубтың басшылығына өз атынан трансферге қоюларын өтініп, жақын күндері хат жазбақшы. Бұл туралы Marca хабарлайды.

Егер осы бір қадам алда-жалда жүзеге асып жатар болса, онда "корольдік" клубтың басты арманына айналып отырған Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы мадридтік "Реалдың" сапынан табылмақ.

23 жастағы талантты ойыншы «Тоттенхэмнің» Чемпиондар лигасына жолдама ала алмағандығы үшін өкпелі екенін жасырмаған. Өзі ендігі таңда "Реалға" ауысуға тілек білдіріп отырған көрінеді.

Ұмытпай тұрғанда, Бэйлге мадридтік клубпен бір қатарда ағылшын алпауыттары да қызығушылық танытып отыр. "Челси", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед" секілді көшбасшы командалардың әрқайсысы осы бір ойыншы үшін 80 миллион фунттан төлеуге дайын екендіктерін мәлім еткен.

Гарет Бэйл "корольдік" клубтың жейдесін киген жағдайда, «Тоттенхэм» Гонсало Игуаинге құда түспек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!