Таңат Нөсербаев ұлттық құрамадан шет қалды

Фотография - Таңат Нөсербаев ұлттық құрамадан шет қалды

Бас бапкер Мирослав Беранектің оқу-жаттығу жиынына шақырған футболшылардың бірден үшеуі жарақат алып қалды. Енді бұл футболшылар 4 маусымда Алматының Орталық стадионында өтетін Болгарияға қарсы кездесуге қатыса алмайды

175 0

Бас бапкер Мирослав Беранектің оқу-жаттығу жиынына шақырған футболшылардың бірден үшеуі жарақат алып қалды. Енді бұл футболшылар 4 маусымда Алматының Орталық стадионында өтетін Болгарияға қарсы кездесуге қатыса алмайды.


Нақты айтсақ, "Астананың" шабуылшылары Сергей Остапенко мен Таңат Нөсербаев және "Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин жарақат алып қалған. Сондай-ақ, "Тобылдың" ойыншысы Бауыржан Жолшиевтің де оқу-жаттығу жиынына қатысу қатыспауы белгісіз.

Олардың орнына Мирослав Беранек оқу-жаттығу жиынына төрт ойыншыны шақырды: Шабуылшылар Сергей Гридин ("Ақтөбе") мен Алексей Щеткин ("Жетісу") және жартылай қорғаушылар Олег Недашаковский ("Қайрат") мен Игорь Юрин ("Ертіс"). Айта кетейік, соңғы үшеуі ұлттық құрама сапында әлі алаңға шығып көрмеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!