Алматыда жас велосипедшілерге арналған веложарыс өтті

Фотография - Алматыда жас велосипедшілерге арналған веложарыс өтті

Алматыда Балаларды қорғау күніне арнайы орайластырылған балалар веложарысы өтті, деп хабарлайд Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

289 0

Алматыда Балаларды қорғау күніне арнайы орайластырылған балалар веложарысы өтті, деп хабарлайды  Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Көптеген адамдардың, оның ішінде балалардың мұндай мерекелік шараға қатысуға ниет білдіргені бізді қатты қуантады. Бұл мереке қаладағы веложарысты дамытуға әрі балалардың спортқа деген қызығушылығын оятуға тағы бір себеп болды. Өз басым, қысы-жазы көліктің осы түрін белсенді пайдаланамын», – деді Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жандос Мұратәлиев.

Атап өтсек, Алматыда веложарыс осымен бесінші рет өткізілуде. Шараға 2-8 жас аралығындағы 200-ден астам әуесқой веложарысшы қатысуда. Жазғы демалыс алдында балалар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысының ережесі жайында ескертілді.

«Біз балаларды спорттық жетістіктерге қарай ұмтылуға шақырамыз. Белсенді, саламатты өмір салтын қалыптастыруларына атсалыссақ дейіз. Мереке кезінде үздік жас велосипедші мен «Велосипед және экология – 2013» үздік балалар суретінің иесін анықтадық», – Ж.Мұратәлиев. 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!