«Барсаның» бапкерлері қазақ балаларын жаттықтырады

Фотография - «Барсаның» бапкерлері қазақ балаларын жаттықтырады

Қазақстанға әлемге әйгілі «Барселона» (Испания) клубының бапкерлері келіп, 9 - 11 жас аралығындағы балалардың шеберлігін шыңдайды. Осыған орай елордада «Астана - Барселона» жазғы футбол мектебі ашылады, деді "Назарбаев орталығының" ресми өкілі Оксана Лоскутова.

159 0

Әлбетте, каталондық клубтың жаттықтырушыларынан тәлім алғысы келетін балақандар аз емес. Сондықтан республика бойынша үміткерлердің арасында іріктеу жүргізіледі. Сыннан сүрінбейөткен 80 бала 30 - маусым мен 15 - шілде аралығында Испаниядағы FCB жаттықтыру лагерлерінің атқарушы директоры Карлес Марторель Бакес жетекшілік ететін мамандардың ақыл-кеңесін тыңдайды. "Барсаның" бапкерлері 2 апта бойы болашақ футболистерді дүниені дүрліктіріп тұрған ойынның қыр-сырына қанықтырады. Барлық жаттығулар мен ойындар «Астана-Арена» стадионында өтеді. Испанияның жоғарғы дивизионында көш бастап тұрған команда бапкерлерінің Қазақстанға келуіне «Назарбаев орталығы» ұйытқы болып отыр. Ерекше атап көрсетерлігі – шеберлік сабақтары ақысыз атқарылады

Қазір еліміздегі жас футболистердің қарқыны қатты.Таяуда ғана олар Президент кубогы үшін өткен халықаралық турнирде 8 команданың ішінде топ жарды.

Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!