Андрей Аршавин "Бешикташ" клубына ауысуы мүмкін

Фотография - Андрей Аршавин "Бешикташ" клубына ауысуы мүмкін

Лондондық "Арсенал" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин жақын арада түріктің "Бешикташ" клубына ауысуы мүмкін

311 0

Лондондық "Арсенал" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин жақын арада түріктің "Бешикташ" клубына ауысуы мүмкін.

Андрей Аршавиннің "Арсеналмен" қазіргі келісім-шарты осы маусым айында аяқталады. Сондықтан ол "Бешикташқа" бос агент ретінде өтуі мүмкін. Қазірдің өзінде клуб қызметкерлері директорлар кеңесіне футболшы жөнінде толық ақпарат беріп үлгеріпті. Егер келісім-шарт орын алып жатса, онда ресейлік футболшы Түркия клубынан жылына 3 миллион еуро қаржы алатын болады.

Оған дейін әзірбайжандық БАҚ өкілдері Аршавин ресейлік маман Юрий Семин баптайтын "Габала" клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат таратқан болатын. Әзірге ол сыбыстардың рас өтірігі белгісіз болып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!