Неймар: Мен Мессидің үздік болып қала беруіне қол ұшын беруге келдім

Фотография - Неймар: Мен Мессидің үздік болып қала беруіне қол ұшын беруге келдім

Неймар каталондық клубтың ойыншысы ретінде алғашқы сұқбатын берді

213 0

Неймар каталондық клубтың ойыншысы ретінде алғашқы сұқбатын берді.  

«Менің арманым орындалды, сол үшін де бақыттымын. Мен және отбасым үшін бұл ұлы күн », -деп атап өтті Неймар.

«Өзім ойындарын таңдана да тамсана қарайтын Месси, Хави, Иньеста сынды ойыншылармен бір алаңда өнер көрсету -Құдайдың маған берген тағы бір сыйы деп білемін. Бүгін өмірімңің жаңа бетін парақтадым. Алда мені көптеген қуанышты сәттер мен жеңістер күтіп тұр. Алғаш «Камп Ноу» алаңына шыққандағы  сезімді,  жанкүйерлердің ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көз жасымды әрең тежедім. Арман орындалды. Мен ешқашан әлемнің үздік ойыншысы  болуды ойламадым. Үздік ойыншы ол  біреу және ол менің қасымда. Ол – Месси. Ал мен сол үздікпен бір командада ойнау бақыты бұйырған бақытты жанмын. Мен үшін бұл үлкен мәртебе» , деп ағынан жарылыпты тума талант.

«Әлемнің үздік командалары «Барселона» мен «Реалдың»  екеуінің де маған қызығушылық танытқаны  қуанарлық жағдай. Алайда менің жүрегім «Барсаны» қалады. Бұл отбасылық шешім. Әрине, соңғы сөз менде еді. Біз ешқашан ақшаға бола шешімімізді өзгертпейміз. Ақша мені алға жетелемейді. Мен командаға көмектескім келеді. Мен Мессидің әлемнің үздік ойыншысы болып қала беруіне көмектесуге келдім. Онмен бірге ойнау- арман» - деп қоса кетіпті Неймар.

Естеріңізге сала кетсек кеше Неймар «Барселонамен» бес жылдық келісім шартқа қол қойды. Каталондық команда бразилялық талант үшін 50 миллион еуро төледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!