Қазақстан құрамасы тағы да жеңілді

Фотография - Қазақстан құрамасы тағы да жеңілді

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы өз алаңында Болгариядан 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу Алматы қаласында өткен болатын.

296 0

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы өз алаңында Болгариядан 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу Алматы қаласында өткен болатын.

Ойын басталысымен болгарлықтар бірнеше өткір шабуыл жасап, жылдам гол салып үлгерді. Дегенмен, жасыл алаңдағы төреші ойыннан тыс қалған қонақтар шабуылшысының бұл голын санаған жоқ. Ұлттық құрама ойыншылары болса қарымта шабуылдар жасамақ болған. Бірақ, айтарлықтай түк бітіре алмады.

Ойынның екінші кезеңі басталысымен Қазақстанның бапкері қақпашы Сидельниковтың орнына алаңға Мокинді шығарған. Болгарлықтар да осыны күткендей, Мокин күзеткен қақпаға дереу екі доп соқты. Алдымен айып добын Георгий Илиев қақпаға тура бағыттаса, артынша Иван Иванов бұрыштан көтерілген допқа бірінші болып жетті. Есеп - 2:0.

Ойын соңына дейін Ұлттық құрама футболшылары тек уақыт өткізумен айналысты десек қателеспейміз. Өйткені, отандастарымыз есте қаларлықтай бірде-бір шабуыл жасаған жоқ. Тек 89 минутта ғана Дмитрий Шомко Болгария қақпасына бір доп соғып, есептегі айырмашылықты қысқартты.

Матч аяқталғаннан кейін журналистерге сұхбат берген Беранек әдеттегідей ақталумен болды. Тіпті, алаңда түк бітіре алмаған отандық футболшыларға риза екендігін де білдірді.

Бұдан байқағанымыз, біздің ойыншылардың да, бапкерлердің де жеңіліске "еттері үйреніп кеткендей". 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!