Денис Детройтта бастайды

Фотография - Денис Детройтта бастайды

Халықаралық мәнерлеп сырғанау федерациясы 2013 жылы өтетін Гран При турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Олардың арасында жерлесіміз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен де бар

154 0

Халықаралық мәнерлеп сырғанау федерациясы 2013 жылы өтетін Гран При турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Олардың арасында жерлесіміз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен де бар.

Гран При турнирі 6 кезеңге бөлінген. Әрбір кезеңге қыздар мен жігіттерден 10 адам және  8 жұптан қатысады. Ал, ұпайы жоғары, үздік шыққан спортшылар Жапонияның Фукуоке қаласында желтоқсанның 8-10 күндері өтетін Гран При турнирінің финалында бақ сынайды.

Жақында ғана әлем жұлдыздарын өз Отанына шақырып, керемет көрсетілім өткізген Денис Тен Американың Детройт қаласында өтетін Гран При кезеңіне қатысады деп шешіліпті.

Бұл кезеңде Дениспен бірге жапондық Дайсуке Такахаси, Ванкувер Олимпиадасының чемпионы Эван Лайсачек және француз Брайан Жуберттер сынға түседі.

Детройттағы Гран При додасы қазанның 18-20 аралығында Skate America кешенінде өтеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!