«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді

Фотография - «Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді

"Барыс" хоккей командасына жаңа бапкер тағайындалды. Команданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, «Барысты» енді финляндиялық елу жасар Ари-Пекка Селин баптайды

224 0

"Барыс" хоккей командасына жаңа бапкер тағайындалды. Команданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, «Барысты» енді финляндиялық елу жасар Ари-Пекка Селин баптайды.

50 жастағы Селин Фин осы уақытқа дейін өз елінде «НРК» командасының бас бапкері қызметін атқарған. Сонымен қатар ұлттық құраманың бас бапкері Юкки Ялоненнің көмекшісі болған. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, жаңа бапкер астаналық «Барыс» хоккей клубымен екі жылдық келісімшарт жасасқан. Селинмен бірге командада Андрей Шаянов, Раймо Хелминен, Ерлан Сағымбаев және Александр Ахцигер сынды бапкерлер қызмет етеді.

Сондай-ақ Қазақстан Хоккей федерациясы Ари Пекка Селинді хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері болып қалуы мүмкін деген ақпарат таратып отыр.

Айта кетейік, финдік маман Құрлықтың Хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» командасының реттік саны бойынша бесінші бапкері болмақ. Бұған дейін астаналық команданы қазақстандық мамандар Александр Высоцкий мен Андрей Шаянов, ресейлік мамандар Андрей Хамутов пен Владимир Крикунов баптаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!