Астанаға Азияның үздік ауыр атлеттері келеді

Фотография - Астанаға Азияның үздік ауыр атлеттері келеді

Корея, Қытай және Иранның үздік зілтеміршілері Астанада өтетін ауыр атлетикадан Азия біріншілігіне қатысатын болды

313 0

Корея, Қытай және Иранның үздік зілтеміршілері Астанада өтетін ауыр атлетикадан Азия біріншілігіне қатысатын болды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Дәл осы үш елдің спортшыларымен Қазақстанның ауыр атлеттері «алтын» үшін таласады деп күтілуде. Жоғарыдағы үш мемлекеттің спортшыларынан өзге Азия біріншілігіне Тайпей, Корей Халық Демократикалық Республикасы, Үндістан, Тайланд, Индонезия, Вьетнам, Жапония, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия, Ирак, Макао, Катар және Ливан елінің де үздік деген зілтеміршілері қатысады.

Айта кетейік, Алексей Ни баптайтын ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы бүгінде Алматы қаласында Азия біріншілігіне оқу-жаттығу жұмыстарын бастап кеткен. Ұлттық құрама сапында жуырда ғана Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде топ жарған спортшылар бар. Жиын соңында Ни бапкер мен оның көмекшілері Азия біріншілігіне қатысатын зілтеміршілердің толық тізімін атайтын болады.

Тағы да бір айта кететін жәйт, Азия біріншілігіне Лондон Олимпиадасында топ жарған Светлана Подобедова, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза және Илья Ильин қатыспайды. Сонымен қатар Ирина Некрасова, Мария Гробовецкая, Алмас Өтешов, Владимир Седов сынды спортшылар Польшада өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болғандықтан, Астанадағы додаға келмейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!