Винченцо Нибали «Астана» командасымен келiсiмдi 2016 жылға дейін ұзартты

Фотография - Винченцо Нибали «Астана» командасымен келiсiмдi 2016 жылға дейін ұзартты

"Астана" велокомандасын Джиро Д'Италия көпкүндiгiнде жеңiске жетелеген Винченцо Нибали командамен 2016 жылға дейін келiсiмдi ұзартты

183 0

"Астана" велокомандасын Джиро Д'Италия көпкүндiгiнде жеңiске жетелеген Винченцо Нибали командамен 2016 жылға дейін келiсiмдi ұзартты. Бұл жөнiнде бүгiн Астана қаласында Винченцо Нибали мен команданың бас менеджерi Александр Винокуровтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлiм етiлдi.

"Астана" командасы өзiнiң алдына қойылған мiндеттердi тамаша атқарды. Нибали гранд турда бiрiншi орын алып үмiтiмiздi ақтады. Сонымен қатар бұл додада жас қазақстандық велошабандоздар оған көмектестi. Андрей Зейц, Дмитрий Груздьев сынды спортшыларымыз аянбады, өздерiн жақсы көрсеттi. Сонымен қатар эстониялық спортшымыз Танель Кангерт бiздi таңқалдырды. Кангертпен де келiсiмдi ұзарту бойынша жұмыстар жасалуда", - дедi команда менеджерi А.Винокуров.

Нибали өз кезегiнде "Астана" басшылығы мен барша қазақстандықтарға алғысын айтып, келесi Тур де Франс сынды гранд турда жеңiске жетуге мақсат ететiндiгiн айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!