Берешегі барлар жарысқа қатыспайды

Фотография - Берешегі барлар жарысқа қатыспайды

Керісінше, додада мықтылар ғана қалса, бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жағдайда ойыншылардың шеберлік деңгейі өседі. Расында да ел біріншілігінде материалдық жағдайы жақсы, бапкерлер мен ойыншылардың алдында еш берешегі жоқ ұжымдар ғана ойнауға тиіс.

208 0

Керісінше, додада мықтылар ғана қалса, бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жағдайда ойыншылардың шеберлік деңгейі өседі. Расында да ел біріншілігінде материалдық жағдайы жақсы, бапкерлер мен ойыншылардың алдында еш берешегі жоқ ұжымдар ғана ойнауға тиіс.

Қазақстан футбол одағында жағымды бір жаңалық бар. Келесі жылдан бастап, ойыншылар мен бапкерлерге берешек ақшалары бар командалар ел біріншілігіне қатыстырылмайды.


Осы мәселеге орай кәсіби футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман былай деп түсінік берді: «Бұған дейін біз олардың проблемасына түсінушілікпен қарауға тырыстық. Қарызы бар ұжымдардың жарысқа қатысуы енді осымен тыйылады. Премьер-лигада тек өз-өзінің қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алатын командалар ғана ойнауға тиіс».

Бұл жаңалыққа біз кәдімгідей қуандық. Өйткені ел футболында қаржы мәселесіне байланысты дау-дамайлар тым жиілеп кетті. Кейбір команда басшылары бапкерлер мен ойыншыларға еңбекақы төлеуге келгенде сараңдық танытатын «әдет» шығарды. Соның себеп-салдарын сұрасаң, түрлі желеуді алға тартады. Әйтеуір, өздеріне шаң жуытпайды. «Әне-міне, ертең-бүрсүгіні» деп бос уәде беріп, істі сиырқұйымшақтандырып жібереді. Иә, егер осы мәселе ұзаққа созылмай, бір-екі ай көлемінде шешімін тауып жатса, әңгіме ушықпайтын еді. Алайда Қазақстанның Премьер-лигасында күш сынасып жүрген кейбір клуб ойыншыларының жалақы ала алмай жүргеніне жарты жылдан асты. Ал оған қалай төзуге болады? Бапкерлер мен футболшылар да ет пен сүйектен жаралаған адам. Барлығының отбасы, бала-шағасы бар. Оларды тамақтандырып, киіндіріп, басқа да тұрмыстық мәселелерін шешу қажет. Бірақ оған бас ауыртып жатқан басшы жоқ.


Бос уәдеден шаршап, төзімдері әбден таусылған футболшылардың арасында сотқа жүгінгендері де бар. Бапкерлер арасында бармақтарын тістеп қалғандары да жетерлік. Тіптен, шет мемлекеттерден аттай қалап шақыртып алған легионерлердің өзін оңдырмай «лақтырғанымыз» есімізде. Әділдік іздеп жалыққаннан кейін олар халықаралық құзырлы ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Ал бұл біздің мемлекет үшін жақсы емес. Қазақстанның спорттық имиджіне, беделіне елеулі нұқсан келеді. Әлем жұртшылығы алдында абыройымыз түседі. Бірақ қарақан қамын ғана ойла-ған кейбір басшысымақтарды бұл мәселе еш ойландырмайды.

Жасыратыны жоқ, бірқатар облыстарда спортқа тиесілі қаражаттың басым бөлігі футболға жұмсалуда. Соның салдарынан басқа спорт түрлері аймақтарда кенже дамып жатыр. Өзге мамандық иелеріне қарағанда теңбіл доп шеберлерінің табысы әлдеқайда жоғары екені де баршаға мәлім. Өзге елдерден легионерлерді де көптеп шақыртып жатырмыз. Бірақ одан отандық футболымыздың көсегесі көгерген жоқ. Әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу турнирлерінде Қазақстан құрамасы үнемі сәтсіздікке ұшырауда. Еуролига до­даларында бақ сынап жүрген командаларымыздың ешқайсысы жарытып өнер көрсете алмады. Осы жағдай жанкүйерлерді күйіндіреді.


Осының барлығын қаперге алсақ, жоғарыда көтерілген мәселенің орынды екені еш күмән туғызбайды. Ел футболындағы елеулі тұлға Михаил Гурманның пікірімен толықтай келісеміз. Біздер үшін Премьер-лигада ойнап жүрген клубтардың саны емес, сапасы маңызды. Тіптен негізгі доп додасында бес-алты команда қалса да, одан айтарлықтай зардап шеге қоймаспыз. Керісінше, жарыс жолында мықтылар ғана қалса, бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жағдайда ойыншылардың шеберлік деңгейі өседі. Ал бұл жайт ел футболының өркендетуге бағытталған бірде-бір қадам болары анық. Расында да ел біріншілігінде материалдық жағдайы жақсы, бапкерлер мен ойыншылардың алдында еш берешегі жоқ ұжымдар ғана ойнауға тиіс.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!