Батысқазақстандық алты самбошы Азия чемпионы атанды

Фотография - Батысқазақстандық алты самбошы Азия чемпионы атанды

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде өткен самбодан ерлер, әйелдер, жастар, жасөспірімдер, қыздар арасында және әскери самбодан Азия чемпионатынан батысқазақстандық балуандар табысты оралды.

242 0

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде өткен самбодан ерлер, әйелдер, жастар, жасөспірімдер, қыздар арасында және әскери самбодан Азия чемпионатынан батысқазақстандық балуандар табысты оралды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш додаға Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Үндістан, Иран, Тайпей, Жапония, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қазақстан елдерінің мықтылары қатысты.

Ерлер арасында 62 келі салмақ дәрежесінде оралдық Азамат Шайхы (жаттықтырушысы Нұфтолла Түменов пен Райбек Меңдіғалиев) жеңімпаз атанып, осымен екінші рет Азия чемпионы атағына ие болды. 74 келіде Сырым ауданының тумасы Айбек Ғабдешевке (жаттықтырушысы Бейбіт Елеубай мен Райбек Меңдіғалиев) тең келер ешкім болмады. Ол жартылай финалда моңғол палуаны Далай Енховолдты  ұпай санымен ұтып, соңғы айқасты қырғыз елінің үкілеген үміті Урмат Мамбетжанұлын басымдылықпен жеңді. Әскери самбодан 57 келіде белдескен теректілік Қазбек Сұпығалиев (жаттықтырушысы Баймолда Мақсотов пен Қазбек Ибрашев) үздік шықты. Сонымен қатар атақты оралдық палуан, әлем чемпионы Асқар Шайхиевтің ұлы Асхат Шайхиев самбодан күміс медальді еншіледі.

Жастар арасында спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының түлектері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Нұрбол Серіков пен Аида Садықовалар (жаттықтырушылары Жеңіс Стамғазиев пен Тимур Есеев) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жасөспірімдер арасында 65 келі салмақта тағы бір сырымдық балуан Сибағат Аманов (жаттықтырушысы Мәулет Қожахметов пен Бірлес Есенғалиев) қарсылас шыдатпай, алтын медальмен елге оралды. Бөрлілік Раушан Қадырғалиева күміс медальмен күптелсе, қазталовтық жас балуан Жанаман Елешев қола медальді өңіріне тақты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!