Алматыда Винченцо Нибалимен бірге веложарысқа 500 адам қатысты

Фотография - Алматыда Винченцо Нибалимен бірге веложарысқа 500 адам қатысты

Алматыда Александр Винокуров пен «Джиро д'Италия-2013» велокөпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали бастаған «Астана» командасының қатысуымен веложарыс өтті

139 0

Алматыда Александр Винокуров пен «Джиро д'Италия-2013» велокөпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали бастаған «Астана» командасының қатысуымен веложарыс өтті.

Бұл туралы Vesti.kz. жазды.

Жарыс барысында «Астана» командасы алға суырылмай, әуесқойларға қатар жүруге мүмкіндік берді. Ал аса белсенділік танытпаған немесе серуендеу қарқынын ұстанып, артта қалып қойғандарға полицейлердің сұрауы бойынша жарыс жолын босатып отыруға тура келді.

Ал мәре сызығын алғашқы болып кесіп өткендерге қошемет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді. Алғашқылардың қатарында жеткен «Астана» командасының қатысушылары да әуесқой веложарыстың жеңімпаздарын құттықтап, алғыстарын білдірді.

«Өз қуанышымды қазақстандықтармен бөлісіп жатқаным мен үшін ғанибет. «Джиро д'Италиядағы» жеңіс оңай болмады және соның құрметіне бүгін барлығымыз осы волошеруді өткіздік», - деді спорттық шараның басты қаһарманы Винченцо Нибали.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!