Лория мен Смақов «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Фотография - Лория мен Смақов «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Бұл туралы команданың баспасөз хатшысы Алим Анапьянов мәлімдеді

117 0

 Түркияның "Ризеспор" командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Самат Смақов пен қақпашы Давид Лория таяу күндері алматылық «Қайрат» клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы команданың баспасөз хатшысы Алим Анапьянов мәлімдеді.

«Әзірге Смақов пен Лорияның «Қайратқа» ауысуы туралы айту ертерек, Таяу күндері бұл мәселе қаралады және футболшылардың «Қайратта» ойнайтынына қатысты деректер ресми түрде жарияланады», - дейді Анапьянов.

Смақов пен Лория «Ризеспор» сапында сәтті ойнап, команданы түрік суперлигасына алып шықты. Соңғы ойындардан кейін олар клубтың үздік ойыншылары ретінде танылды.

Естеріңізге саламыз, бұдан бұрын қарағандылық «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев алматы клубына ауысқан болатын.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!