Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның ЖОО-лары арасында бокстан V ашық турнир өтті

Фотография - Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның ЖОО-лары арасында бокстан V ашық турнир өтті

Павлодарда Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның жоғары оқу орындары арасында бокстан V ашық турнир өз мәресіне жетті.

301 0

Павлодарда Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның жоғары оқу орындары арасында бокстан V ашық турнир өз мәресіне жетті.

Бұл туралы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының (ПМПИ) баспасөз қызметінен хабарлады.

Бас жүлдені шаршы алаңда 11 құраманың былғары қолғап шеберлері сарапқа салды. ПМПИ-ді 1977-1996 жылдары басқарған профессор Т. Шаяхметовті еске алуға арналған турнирде бірінші орынды ПМПИ студенттері иеленді. «Алға» спорттық клубы (Павлодар) екінші орынды місе тұтса, үштікті Омбының құрамасы қорытындылады.

Жеке біріншілікте ПМПИ спортшылары 5 алтын және екі күміс медальға қол жеткізді.

Жарыстың жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал жеңімпаз танылған былғары қолғап шеберлерінің жаттықтырушыларына Шаяхмет турнирінің бес жылдығына орай арнайы мерейтойлық медальдар табысталды.

Павлодар облыстық бокс федерациясының естелік кубогы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына берілді.


Тегтер:

бокс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!