Смақов пен Лория «Қайратқа» ауысты

Фотография - Смақов пен Лория «Қайратқа» ауысты

Соңғы екі-үш күнде жанкүйерлер арасында желдей ескен дақпырт сөздер шындыққа айналды. Қазақ футболының көпшілікке танымал ойыншылары, ең бастысы, көптеген жанкүйерлердің сүйікті футболшыларына айналған Самат Смақов пен Давид Лория «Қайрат» футбол клубына ауысты

157 0

Соңғы екі-үш күнде жанкүйерлер арасында желдей ескен дақпырт сөздер шындыққа айналды. Қазақ футболының көпшілікке танымал ойыншылары, ең бастысы, көптеген жанкүйерлердің сүйікті футболшыларына айналған Самат Смақов пен Давид Лория «Қайрат» футбол клубына ауысты.

Бұл жөнінде бүгін «Қайрат» клубының ресми сайты мәлімдеп, ертең клуб сапына алынған жаңа футболшыларды салтанатты түрде таныстыру үшін баспасөз жиыны өтетіндігін жариялап отыр.

Сонымен, ертең Жамбыл Көкеев, Самат Смақов, Давид Лория сынды «Қайраттың» жаңа ойыншыларына арқасында нөмірлері жазылған жейделерін тапсыру рәсімі өтеді.

Есесіне, «Қайрат» клубынан бір ойыншы кетіп, екеуі трансферге қойылған. Сонау Перуден келген қорғаушы Хесус Рабаналь Алматы клубынан кететін болды. 28 жастағы қорғаушы мен клуб екі жақты келісім бойынша келісім шартты мерзімінен бұзуға ың-шыңсыз бәтуаласқан.

Ал қақпашы Ильдар Шайхесламов пен жартылай қорғаушы Владимир Вяткин трансферге қойылған. Қызығушылық танытқан клубтар аталған екі ойыншы тұрғысында «Қайратпен» келіссөздер жүргізе алады.

Әзірше «Қайрат» клубындағы соңғы өзгерістер мен ауыс-түйістер осындай. Жазғы трансфер бүгін ғана басталды. Ендеше, тағы да басқа өзгерістердің болуы ғажап емес...

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!