Самюэль Это'о "Анжи" клубының ойыншы-бапкері атанбақ

Фотография - Самюэль Это'о "Анжи" клубының ойыншы-бапкері атанбақ

Махачкалық "Анжи" клубының шабуылшысы камерундық Самюэль Это'о бас бапкер Гус Хиддинктің орнына келмек. Бұл туралы италиялық SKY Sport телеарнасының тілшісі Джанлука Ди Марцио мәлімдеді

141 0

Махачкалық "Анжи" клубының шабуылшысы камерундық Самюэль Это'о бас бапкер Гус Хиддинктің орнына келмек. Бұл туралы италиялық SKY Sport телеарнасының тілшісі Джанлука Ди Марцио мәлімдеді.

Репортер таратқан ақпарат бойынша, енді Камерун құрамасының шабуылшысы 2011 жылдың 11 ақпанында "Анжимен" 2,5 жылға футболшы ретінде келісімге отырып, кейін 2012 жылы наурыз айында клубтың әкімшілік қызметіне, яғни спорт директоры болған бразилиялық Роберто Карлостың жолымен жүрмекші.

Сонымен, егер Гус Хиддинк өз қызметінен кетіп жатса, Это'О "Анжи" тізгінін ұстауы әбден мүмкін. Оған дейін кейбір БАҚ голландиялық маманды ПСЖ-ның қазіргі бапкері Карло Анчелотти ауыстыруы мүмкін деген ақпарат таратқан еді.

Гус Хиддинктің "Анжимен" жеткен ең үлкен жетістігі ол 2012/13 жылдар маусымында Ресей біріншілігінде қола медаль иеленуі. Алайда, "Анжи" 1 маусым күні Ресей Кубогы жолындағы жарыстың финалында ЦСКА клубынан жеңіліс тапқаннан кейін, Гус Хиддинк командадағы қызметінің жағдайы жақын арада шешілетінін мәлімдеген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!