Астана күні қарсаңында ат спортынан жарыс өтеді

Фотография - Астана күні қарсаңында ат спортынан жарыс өтеді

Астана күнін мерекелеу қарсаңында, 3-5 шілдеде елордалық «Қазанат» ипподромында ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан халықаралық жарыс өтеді

161 0

Астана күнін мерекелеу қарсаңында, 3-5 шілдеде елордалық «Қазанат» ипподромында ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан халықаралық жарыс өтеді.

«Алдағы чемпионатқа Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан елуден астам шабандоз қатысады», - деп хабарлайды ҚР Ат спорты федерациясы.

Үш күн бойы ҚР Президентінің Кубогы, Ұлт Кубогы, ENRC кубогы, Maserati Кубогы, Samsung Кубогы үшін командалық және жеке жарыстарда бақтарын сынайды.

Ресейлік «үшжұлдызды» деңгейдегі курс-дизайнер Владимир Платов қатысушылардың 120-дан 160 см-ге дейінгі биіктікті қателіксіз жүріп өтуіне бағдар жасамақ. Олардың шеберліктерін халықаралық ат спортының беделді төрешілері: Марек Залески (Польша), Анна Скабард (Украина), Кео Чанг Янг (Корея), Сарпартап Синх (Индия) бағалайды.

Астана ипподромының жарыс алаңында Орталық Азияның көрнекті шабандоздары арасында қызықты тартыс бәсекесі қызбақ. Оны классикалық ат спортының 3000-ға тарта жанкүйері тамашаламақ. Ипподромға кіру тегін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!