Еліміздің футболдан жастар құрамасы «Еуро-2015» чемпионатының іріктеу сынын сәтті бастады

Фотография - Еліміздің футболдан жастар құрамасы «Еуро-2015» чемпионатының іріктеу сынын сәтті бастады

Кеше Белоруссияның Борисов қаласында футболдан «Еуро-2015» чемпионатының іріктеу сынындағы Беларусь пен Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының алғашқы кездесуі өтті.

244 0

Кеше Белоруссияның Борисов қаласында футболдан «Еуро-2015» чемпионатының іріктеу сынындағы Беларусь пен Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының алғашқы кездесуі өтті.

Қазақстандықтарға Ресейдің «Кубань» командасында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан жеңіс әкелді. Алаң қожайындары кездесудің екінші бөлігінде ойын тәртібін бұзған болатын. Төреші белгілеген 11 метрлікте Бауыржан қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Бұл есеп ойынның аяғына дейін өзгеріссіз қалды. Енді қарымта кездесу 10 қазанда Қазақстанда болады. Біздің футболшылар оған дейін 11 тамызда Армения құрамасын қабылдап, 5 қыркүйекте сырт алаңда - Франция, 10 қыркүйекте - Исландия, 10 қазанда Армения аяқдопшыларымен кездеседі. Ал іріктеу сынының ақтық 2 ойынын өз алаңында өткізеді. Алдымен 5 наурызда - исландиялықтармен, 2 қыркүйекте франциялықтармен ойнайтын болады.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!