Шығыстың алыптары дес бермеді

Фотография - Шығыстың алыптары дес бермеді

Жақында Петропавл қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті

129 0

Жақында Петропавл қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Петропавлдағы «Жеңіс» спорт кешенінде өткен ел біріншілігі үш күнге созылды. Оған еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан ұзын саны 165 балуан қатысты. 

Олардың арасында «Қазақстан барысы» жобасының финалына қатысатын үздік балуандарымыз да бар. Олар ел чемпионатында дайындықтарын бір пысықтап алуды ойлаған сияқты.

Жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысы үздік шықты. Екінші орынды Алматы қаласының, ал үшінші орынды Қарағанды облысының балуандары еншіледі.

Төртінші орын Астана қаласына бұйырып, бұдан кейінгі орындарға жазылу ретімен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола облыстарының балуандары орналасты.

Өз салмақтарында мына балуандар жеңімпаз атанып, жеңіске жетті:

60 келі:

1. Абзал Арыстанбеков (Алматы)

2. Амангелді Сатыбалдинов (Алматы обл.)

3. Медет Бозов (Қарағанды облысы) және Ержан Мағауинов (Алматы)

70 келі:

1. Ерлан Естек (Астана)

2. Аслан Түсіпханов (Алматы)

3. Данияр Темірхан (Астана) және Дамир Хабибуллаев (Жамбыл обл.)

80 келі:

1. Ерсін Мұхамеджанов (Қарағанды обл.)

2. Әділжан Ыстыбаев (ОҚО)

3. Елдар Нәсиев (Алматы) және Әсет Ахметжан (ШҚО)

90 келі:

1. Мұхит Тұрсынов (ШҚО)

2. Бекзат Ахметбеков (Қарағанды обл.)

3. Нұрзат Бегасылов (ОҚО) және Айбат Сейтен (Астана)

+ 90 келі:

1. Айбек Нұгымаров (ШҚО)

2. Шалқар Жоламанов (ШҚО)

3. Рустам Жұмаев (СҚО) және Дулат Алпысов (СҚО)

Абсолютті салмақ:

1. Шалқар Жоламанов (ШҚО)

2. Елдар Нәсиев (Алматы)

3. Айбат Сейтен (Астана) және Дулат Алпысов (СҚО)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!