Жігіттер жоғарылап келеді

Фотография - Жігіттер жоғарылап келеді

Халықаралық велоспорт қауымдастығының (UCI) жаңа рейтингі жария етілді. Өткен аймен салыстырғанда біздің жігіттер бұл тізімде біраз жоғарылаған екен

200 0

Халықаралық велоспорт қауымдастығының (UCI) жаңа рейтингі жария етілді. Өткен аймен салыстырғанда біздің жігіттер бұл тізімде біраз жоғарылаған екен.


Велошабандоздар көшін 351 ұпаймен швейцариялық Фабиан Кончеллара бастап тұрса, екінші орынға Винченцо Нибали көтерілді. «Астана» клубының намысын қорғап жүрген Италия спортшысы 322 ұпай жиған екен. Бұған себеп болған, әрине, жуырда ғана аяқталған «Джиро д Италия» көпкүндігі. Сол жарыста Нибали топ жарған болатын. Үшінші орында – словакиялық Петер Саган. Оның еншісінде 312 ұпай. «Астананың» өзге мүшелері мынадай орындарға жайғасты: Якоб Фугльсанг (Дания) – 39, Борут Бозич (Словения) – 45, Энрико Гаспаротто (Италия) – 52, Танел Кангерт (Эстония) – 68, Франческо Гавацци (Италия) – 101,Валерио Аньоли (Италия) – 120, Максим Иглинский (Қазақстан) – 122, Кевин Силдрайерс (Бельгия) – 131, Егор Силин (Ресей) – 141, Фабио Ару (Италия) – 149 және Симоне Понци (Италия) – 154. Командалар сайысында да «Астана» екі сатыға жоғарылап, бұл күндері 4 орынға табан тіреп тұр. Алдымызда – «Sky Procycling» (Ұлыбритания), «Катюша» (Ресей) және «Movistar» (Испания). Алайда ұлттық командалар арасындағы сайыста жағдайымыз аса мәз емес. Бұл тізімде Қазақстан 30 орында тұр. Ал көш басында Испания, Колумбия және Италия құрамалары.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!