"Монако" Роналду үшін рекордты қаржыға шығындалуға дайын

Фотография - "Монако" Роналду үшін рекордты қаржыға шығындалуға дайын

Франциялық "Монако" футбол клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың трансфері үшін "Реалға" рекордты қаржы ұсынып отыр

220 0

Франциялық "Монако" футбол клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың трансфері үшін "Реалға" рекордты қаржы ұсынып отыр. Бұл туралы The Independent басылымына сілтеме жасаған "Спорт-Экспресс" хабарлады.

Клуб қожайыны саналатын ресейлік миллиардер Дмитрий Рыболовлев Роналдуды сатып алу үшін 85 миллион фунт стерлингке шығындалуға әзір екен. Бұл сома 2009 жылы Роналду "Манчестер Юнайтедтен" корольдік клубқа ауысу трансфері кезіндегі қаржыдан 5 миллионға көп. Сондай-ақ "Монако" футболшының жыл сайынғы жалақысын да екі есеге өсіруге уәде беріп отыр. Роналду "Реалда" жылына 12 миллион еуро алып келген болатын.

Айта кетейік, Роналду осыған дейін қазіргі клубымен жасалынған келісімнен бас тартатынын айтқан еді. Бұл өз кезегінде "Монаконың" футболшыны тезірек сатып алуға деген жанталасын тудырды. Қазірдің өзінде клуб өкілдері португалдықтың агенті Жоржее Мендешпен байланыс орнатып үлгеріпті. Жоржее Мендеш жақында ғана Монако жейдесін киген колумбиялық Радамель Фалькаоның да агенті болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!