Велоспорт құрамасының жаттықтырушысы жол апатынан қаза тапты

Фотография - Велоспорт құрамасының жаттықтырушысы жол апатынан қаза тапты

Қапшағайда Қазақстан велоспорт құрамасының аға жаттықтырушысы Валерий Карчин жолл апатынан қаза тапты

117 0

Қапшағайда Қазақстан велоспорт құрамасының аға жаттықтырушысы Валерий Карчин жолл апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Nissan Pulsar көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кеткен. Төңкерілген көліктен өрт шығып, Валерий Карчиннің жанында болған Евгений Цой және Алексей Сержантов атты азаматтар да оқиға орнында мерт болған. Көлікте Евгений Пучнев атты тағы бір азамат болған, ол әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлікті кім жүргізгені әзірге белгісіз.

Валерий Карчин 37 жасында өмірден өтті. Оның шәкірті Алексей Лялько 2008 жылы «Б» тобында әлем чемпионы атанған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!