«Қайрат» клубы «Рубин» футболшысын миллион еуроға сатып алмақшы

Фотография - «Қайрат» клубы «Рубин» футболшысын миллион еуроға сатып алмақшы

Алматының «Қайрат» футбол клубы қазандық «Рубиннің» және Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Еременконы 1,2 миллион еуроға сатып алмақшы.

180 0

Алматының «Қайрат» футбол клубы қазандық «Рубиннің» және Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Еременконы 1,2 миллион еуроға сатып алмақшы.

Футболшының «Қайратқа» өтетіні туралы ақпаратты «Рубин» вице-президенті Камиль Исхаков растады:

- «Иә, Алексей Еременконың мәселесі бүгін-ертең шешіледі, қазір «Қайрат» пен «Рубин» клубтары тиісті құжаттарға қол қойып жатыр. Біздің алматы клубымен қарым-қатынасымыз өте жақсы, сондықтан келісімге келу қиынға соққан жоқ.

«Қайраттың» қазіргі жаттықтырушысы Владимир Вайсс бұған дейін 2006-2007 жылдары Еременконың ағасымен жұмыс істеген. Еременко «Рубинге» 2011 жылы тамызда Харковтың «Металлистінен» 500 мың еуроға сатылған. Соңғы екі маусымда Ресей чемпионатында «Рубин» сапында 8 ойын өткізген.

Естеріңізге саламыз, «Қайрат» клубы бұған дейін жаңа ойыншылармен толықтырылған болатын: қақпашы Давид Лория, қорғаушы Самат Смақов және жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!