«Барыстың» алғашқы жаңа ойыншысы

Фотография - «Барыстың» алғашқы жаңа ойыншысы

«Барыс» хоккей клубы құрамын нығайтуға көшіп, жақында Америка қорғаушысы Майк Ландинмен келісімшартқа отырды

139 0

«Барыс» хоккей клубы құрамын нығайтуға көшіп, жақында Америка қорғаушысы Майк Ландинмен келісімшартқа отырды.

28 жастағы Майк Ландин өткен мау­сым­да Солтүстік Америкадағы Ұлттық хок­кей лигасында өнер көрсететін «Оттава Сенаторс» клубының намысын қорғаған. Өткен маусымда Майк аталмыш клуб сапында 11 ойында мұзайдынға шығып, бір рет нәтижелі пас берген екен.

Жалпы, ҰХЛ-да (Ұлттық хоккей лига­сын­да) 270 ойын өткізіп, 38 ұпай (4 гол + 34 пас) жинаған. Бұған дейін ол «Нэшвилл Пре­даторз», «Тампа Бэй Лайтнинг», «Мин­несота Уайлд» клубтарының сапында тә­жі­рибе жинаған.

Бір қызығы, 2010 жылғы әлем чем­пио­на­тында ол АҚШ құрамасының сапында Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы ойна­ған. Өкінішке қарай, сол матчта біздің хо­кей­шілер 0:10 есебімен күйрей ұтылған болатын.

Ал «Барыс» 11 шілдеде елордаға жи­на­лып, жаңа маусым дайындығын бас­тай­ды. Әуелі ойыншылардың бәрі меди­ци­на­лық тексерістен өтіп, 14 шілдеден бастап жаттығу жұмыстарына кіріседі.

24 шілдеде Швейцарияға ұшып, сол елде оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Әрі жергілікті «Давос» клубымен екі рет жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Ал 9-13 тамыз аралығында дәстүрлі Елбасы кубогына қатысады.

Биыл ҚР Президенті кубогына «Югра», «Витязь» және «Амур» командалары келулері керек. Әрине, «Барыс» Елбасы кубогының бас бәйгесін қонақтарға ұстатып жібергісі жоқ. Қазірден бірінші орынды жеңіп алуды мақсат тұтып отыр.

Бұдан кейін 26-28 тамыз аралығында Магнитогорскіде өтетін халықаралық тур­нир­ге қатысады. «Барыс» клубының бас бап­кері мен басшысы ауысқандықтан, Құр­лықтық хоккей лигасының алтыншы маусымы басталғанша көптеген хоккей­ші­лер сынақтан өткізілмек.

Команда құрамы біршама өзгеруі тиіс. Яғни жаңа ойын­шы­лар әлі алынады. АҚШ қорғаушысы Майк Лан­дин – солардың алғашқысы ғана.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!