Ауғандардан айла асырдық

Фотография - Ауғандардан айла асырдық

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына електік додада Ауғанстан құрамасын жеңді

123 0

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына електік додада Ауғанстан құрамасын жеңді.

Енді біздің жігіттер әлем біріншілігіне қатысу құқын беретін 4 жолдаманың біріне таласатын болады.

Павлодарда  өтіп жатқан іріктеу айналымында Геннадий Паршин баптайтын Қазақстан құрамасы ауғанстандық қарсыластарын 3:0  (25:21, 25:21, 25:11) есебімен тізе бүктірді.

Сары құрлықтағы шешуші сын қыркүйектің 3-12 аралығында  өтеді. Аталған сында 4 жолдамаға таласатын 16 команданың қатарына біздің құрама да қосылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!