Испанияның жастар құрамасы да Еуропа чемпионы

Фотография - Испанияның жастар құрамасы да Еуропа чемпионы

Футболдан Испанияның жастар құрамасы Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды

337 0

Футболдан Испанияның жастар құрамасы Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды.

Финалда оларға Италия жастары анау айтқандай қарсылық көрсете алған жоқ. Құрамы  Әлем футболының болашақ жұлдыздарымен жасақталған Испания құрамасы кімді болса да жолынан ығыстыруға дайын еді. Оған мысал топтық кезеңдегі Хави мен Касильяс інілерінің сенімді ойыны. Алаңнан голсыз кетпей жүрген «Реалдың» шабуылшысы Мората , биылғы маусымда жұлдызы жарқыраған Иско, «Барселона» ойыншылары Монтойя, Тельо, Алькантара сынды ойыншыларды финалдық ойында тоқтату мүмкін емес еді. 

Ойын басталған бетті қарсыластар қақпасының алдында дауыл тұрғызған Испания жастары небары алтыншы минутта дегеніне жетті. Мората берген әдемі пасты Алькантара сәтті пайдаланды. Артынша Италия есепті теңестіріп кеткен, алайда олардың бұл қуанышын осы матчтың үздік ойыншысы Тьяго Алькантара су сепкендей басып тастады. Одан кейінгі кезекті Иско сұраған. Ал ойындағы соңғы голды  Италия жастары мен «Ливерпуль» шабуылшысы өз еншісіне жазды. Бірақ бұл голы үшін Фабио Борини аса қатты қуана қоймаған болар.

Италия — Испания — 2:4 (Иммобиле, 10, Борини, 79; Алькантара, 6, 31, 38, Иско, 66)

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!