Головкиннің жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Фотография - Головкиннің жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық Мэттью Маклин арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

242 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық Мэттью Маклин арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 30 маусым таңғы 9.00-да басталады. Ал «Астана» телеарнасы 1 шілдеде түнгі 22.00-де қайталайды.

Головкин мен Маклин 29 маусымда Американың Коннектикут штатында Foxwoods Resort Casino аренасының рингінде кезеседі. Бұл жекпе-жек Boxing After Dark сериясы аясында айтулы оқиғаға айналмақ.

Головкин 2013 жылы осымен үшінші жекпе-жегін өткізбекші. Мұның алдында қазақстандық WBA дәрежесі бойынша орта салмақта жапондық Нобухиро Ишиду мен американдық Габриэль Росадоны нокаутпен жеңген болатын. Қарағандылық боксшы бүгінге дейін 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 23-інде нокаутпен жеңген.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!