Басына оқ тиген ойыншы қақпаны ойын соңына дейін қорғаған

Фотография - Басына оқ тиген ойыншы қақпаны ойын соңына дейін қорғаған

51 жастағы Душко Крталица алғашында не болғанын өзі де түсінбеген.

197 0

51 жастағы Босниялық қақпашы Душко Крталица ойынды соңына дейін басына тиген оқты елеместен аяқтаған.

Сәлден соң басы ауыра бастапты. Алайда, болған жайтқа аса мән бермеген Душко, ойынның соңына дейін қақпасын қорғаған. Нәтижесінде қарсылас командаға бір гол ғана есе жіберген. Крталицаның ақтық кездесуде сол қолы ұйып қалып, дәрігерге көрінуге тура келеді.

Дереу ауруханаға жеткізілгенде, оның басынан оқ тауып алған ақ халаттылар қақпашының мықты денсаулығына қайран қалған.

Артынша белгілі болғанындай, матч уақытында көрші ауылда үш үйлену тойы өтіп жатқан. Олар аспанға оқ ату рәсімін жасағанда, қаңғыған оқ қақпашының басына тиген көрінеді.

Тәртіп сақшылары Крталицаға кездейсоқ оқ атты деген күдікпен бір адамды қолға түсіріп үлгеріпті.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!