«Ақжайық» өз қатарын мықты футболшылармен толықтырған «Қайратпен» күш сынасады

Фотография - «Ақжайық» өз қатарын мықты футболшылармен толықтырған «Қайратпен» күш сынасады

23 маусым күні футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдайды.

182 0

23 маусым күні футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдайды.

Біріншіліктегі үзілісті пайдаланып, өз қатарын мықты ойыншылармен толықтырып алған алматылықтар қазір турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Павлодарда «Ертіске» - 1:3, одан кейін Қазақстан кубогі үшін Тараздағы ойында «Таразға» 0:3 есебімен жол берген «Ақжайықтың» жағдайы керісінше мәз емес. Команданың сұрмергені Игорь Зенькович Қарағандының «Шахтеріне» ауысса, Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Стас Покатилов та кеншілер қаласына кетпекші. Ал негізгі қорғаушылардың бірі Илья Воротников «Тараздан» бақ іздемекші. Қалған ойыншыларды бас бапкердің көмекшісі, оралдық жаттықтырушы Артур Авакянц дайындауда.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің айтуынша, команда облыс басшылығы уәде еткен қаржыны күтуде. 26 маусым күні өтетін облыстық мәслихаттың сессиясында осы мәселе қаралып, шешіледі деген үміт бар


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!