Қазақстандық Ф.Харки Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс медаліне ие болды

Фотография - Қазақстандық Ф.Харки Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс медаліне ие болды

Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының додасы күннен күнге қыза түсуде.

166 0

Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының додасы күннен күнге қыза түсуде.

Жарыстың салтанатты ашылуынан кейін ерлер арасында 62 келіге дейінгі салмақтағы 8 спортшы сынға түсті. Соның ішінде қазақстандық Фархат Харки тамаша өнер көрсетті.

Тартысты өткен бәсекеде қазақстандық спортшы серпе көтеруде 138 келіні бағындырды. Одан кейін зілтемірді көтеруге шыққан Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, Корей Халық Демократиялық Республикасының өкілі Ким Ун-Гук жеке дара 145 келіні бағындырды.

Екінші жаттығуда да Қазақстан мен Солтүстік Корея спортшысы өзара тартысқа түсті. Жұлқа көтеруде Фархат Харки 165 келіні еркін көтерді. Ал Ким Ун-Гук бірден 170 келіге тапсырыс беріп, алғашқы мүмкіндігінде осы салмақты бағындыра алды. Сөйтіп, жалпы есепте 315 келіні көтерді. Ал Солтүстік Корея спортшысы екінші рет шыққанда жарақат алып қалды.

Ал қазақстандық Фархат Харки екінші мүмкіндігінде 177 келіге тапсырыс беріп, қарсыласынан озуға тырысты. Егер осы салмақты алғанда Фархат Харки жалпы есепте 315 келіні бағындырып, алтын жүлдеге қол жеткізетін еді. Алайда, қазақстандық спортшының екінші және үшінші мүмкіндігі сәтсіз орындалды. Ол жалпы есепте 303 келіні көтеріп, Азия чемпионатының күміс медалін ұтып алды. «Сарыарқа» велотрегіне жиналған жанкүйерлер Фархат Харкидің жетістігіне қуана қол соқты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!