Азия чемпионатынан алтын бұйырмай тұр

Фотография - Азия чемпионатынан алтын бұйырмай тұр

Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының екінші күні қоржынымызға жүлде түспеді

122 0

Астана қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының екінші күні қоржынымызға жүлде түспеді.

Павлов та, Балхаев та жүлдеге ілінбеді. Әйелдер арасында Карина Горичева сынға түскен болатын, бірақ нәтижесі көңілден шықпады, деп жазады "Аламан".

Азия чемпионатында 77 келі салмақта сынға түскен Кирилл Павлов төртінші орын алды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 346 келіні көтерді. Бұл салмақта алтынды ирандық ауыр атлетші Расул Такхияни алса (366 кг), күмісті қытайлық спортшы Жанг Гоушин еншіледі (356кг) . Қола жүлдені Солтүстік Корея елінің азаматы Еим Кванг Сонг иеленді.

Карина Горичева ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында соңғы орынға орнықты. Бірінші орынды Лин Зу Чи, екінші орынды солтүстік кореялық Чо Пок Хуанг алса, үздік үштікті қытайлық спортшы Ву Лиянг түйіндеді.

Елордада өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында болған 63 келі салмақта Әлібек Балхаев жетінші орыннан көрінді. Аталған салмақта он бір ауыр атлетші сынға түскен болатын. Әлібектің жалпы көрсеткіші 293 келіні құрады. Бұл салмақта ирандық ауыр атлетші Жабер Берузи алтын алды. Күмісті индонезиялық Ариан Кетуту, қоланы Панк Чиер Хунгу еншіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!