Руни "МЮ-де" қалуды ұйғарды

Фотография - Руни "МЮ-де" қалуды ұйғарды

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Уэйн Руни жақын арада команданың жаңа бас бапкері Дэвид Мойеспен кездеседі

126 0

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Уэйн Руни жақын арада команданың жаңа бас бапкері Дэвид Мойеспен кездеседі.

The Guardian ақпараты бойынша, кездесуде 27 жастағы ойыншы  «МЮ»-де бәрін басынан бастағысы келетінін айтады.

Рунидің ел чемпиондарымен әлі екі жылдық келісімі бар және соған сәйкес ол аптасына 300 000 фунт жалақы алады.

Англия құрамасы көшбасшысының осындай қадамынан соң клуб жетекшілері ойыншыға жаңа келісім-шарт ұсынып та қалуы мүмкін. Мойес демалыстан жақында шығады және ең алдымен Рунимен кездесетін болады.

Рунидің Манчестерде қалуының басты себебі: ол басқа бір ағылшын клубына ауысу – артқа қарай жасалған қадам деп есептейді.

Сонымен қатар, шабуылшының осы қаладан кеткісі келмеуінің тағы бір себебі өткен айда екінші ұлды болуы және осы себептерге байланыст басқа қалаға не болмаса елге көшу - аса үлкен мәселе.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!